Премьер-лига: Бүгін елімізде 22-тур ойындары басталады

АСТАНА. KAZINFORM - Бүгін футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің 22-туры басталады.

Қазақстан Премьер-лигасы: «Елімай» турнир кестесінде бірінші орынға көтерілді
Фото: Елімай ФК

Бұл турдағы негізгі ойындар 4 қзанда сағат 16:00-де «Ақтөбе» мен «Қайрат» (Алматы) арасында болады. Командалар биыл жүлделі орындарға қол жеткізуді алдына мақсат етіп отыр. Сондықтан жанкүйерлер аталған кездесуден тартысты бәсеке күтетіні анық.

Сондай-ақ, аталған турда 3 қазанда 14:00-де «Қызылжар» (Петропавл) мен «Ордабасы» (Шымкент), 16:00-де «Жетісу» (Талдықорған) мен «Елімай» (Семей) кездеседі.

Ал 15 қыркүйекте 16:00-де «Атырау» мен «Тұран» (Түркістан), «Жеңіс» (Астана) мен «Тобыл» (Қостанай) жасыл алаңға шығады.

Ал аталған турдағы «Астана» мен «Шахтер» (Қарағанды) кездесуі 16 қазанға шегерілді.

Еске салсақ, бұдан бұрын Чемпиондар лигасында «Реал Мадрид» жеңілістің ащы дәмін татты.

Мадридтік клуб бұл турда сырт алаңда Францияның «Лилль» командасымен шеберлік байқасты. Аталған кездесуде испаниялық команда қарсылас қақпасынан саңылау таба алған жоқ. Есесіне өз қақпасына бір гол жіберіп, үш ұпай жоғалтты.

Соңғы жаңалықтар