Премьер-лига: «Елімай» мен «Жетісу» тең түсті
АСТАНА. KAZINFORM - Футболдан Қазақстан Премьер-лигасының ХІІІ турында семейлік «Елімай» мен талдықорғандық «Жетісу» тең түсті.

Кездесу барысында командалар бірден шабуылға көшті. Қарсыластар турнир кестесінде қатарлас келеді. Қайсысы жеңіске жетсе, жағдайын одан әрі жақсарта түсетін еді. Бірінші кезеңде таблодағы есепке өзгеріс енген жоқ.
Екінші кезеңнің алғашқы минуттарында «Жетісудың» белсенділігі байқалып тұрды. Нәтижесінде 54-минутта Асхат Балтабеков өз командасын алға шығарды. Ал «Елімай» сапынан Иван Свиридов 62-минутта таразы басын теңестіріп кетті.
Командалар 1:1 есебіне қанағат білдірді. Енді «Ақтөбе» мен «Тобыл» (Қостанай) командалары кездеседі. Ал 1 шілдеде «Тұран» (Түркістан) мен «Атырау» ойнайды.
Еске салсақ, 29 маусымда «Ордабасы» «Қайсардан» 2:1, «Қайрат» «Астанадан» 3:1, «Қызылжар» «Шахтёрден» 2:0 есебімен басым түсті.