Премьер-лига: Футболдан ел біріншілігінің 16-шы туры өтеді

АСТАНА. KAZINFORM — Бүгін футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің 16-туры өтеді.

«Оқжетпесі» футбол клубы
Фото: fcokzhetpes

Бұл турдағы басты ойын 3 тамыз сағат 20:00–де Алматыда «Қайрат» пен Семейдің «Елімайы» клубтары арасында болады. 

Екі команда да алдыңғы орындарда келеді. Турнир кестесінде «Қайрат» 25 ұпаймен үздік үштікті түйіндесе, «Елімай» 22 ұпаймен төртікке табан тіреп тұр.

Қос ұжымның да биыл жүлделі орындардан үміті бар. Сондықтан ойын қызықты өтетіні даусыз.

Сондай-ақ, аталған турда 3 тамызда 16:00–де «Қызылжар» (Петропавл) мен «Жетісу» (Талдықорған), 18:00–де «Атырау» мен «Қайсар» (Қызылорда) шеберлік байқасады.

Ал 4 тамызда 18:00–де «Жеңіс» (Астана) пен «Ақтөбе», «Астана» мен «Тұран» (Түркістан) ойнайды.

Бұл турдағы «Тобыл» (Қостанай) мен «Шахтер» (Қарағанды) кездесуі 28 қыркүйекке белгіленген.

Еске салсақ, бұдан бұрын Сауд Арабиясы 2034 жылғы футболдан әлем чемпионатын өткізуге өтінім бергенін хабарлаған едік. 

Соңғы жаңалықтар