Премьер-лигада «Атырау» «Шахтерден» басым түсті

АСТАНА. KAZINFORM — Бүгін футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің 18-турында екі ойынның нәтижесі белгілі болды.

а
Фото: instagram.com/fc_atyrau

Екі ойынның бірінде «Атырау» өз алаңында Қарағандының «Шахтерін» қабылдады. 

Атыраулық клуб соңғы төрт турда жеңіске жете алмай келді. Үш мәрте тең түссе, бір мәрте қарсыласына есе жіберді. Сондықтан бүгінгі кездесуде олар үш ұпай олжалауға күш салды. 

Кездесуде Николай Сигневич 27-минутта соққан гол «Атырауға» жеңіс алып келді. 

Осылайша «Атырау» қарсыласынан 1:0 есебімен басым түсті.

Сондай-ақ тағы бір кездесуде «Елімай» (Семей) мен «Қызылжар» (Петропавл) шеберлік байқасты. 

Бұл кездесуде командалар тартысты ойын өрбітті. Алдымен петропавлдық клубтан Лука Имнадзе 44-минутта есеп ашса, одан кейін семейлік ұжымнан Иван Свиридов 52, Роман Муртазаев 75-минутта мергендік танытты.

Бұл ойында «Елімай» 2:1 есебімен басым түсіп, үздік үштікке жақындай түсті.

Енді 20:00–де «Қайсар» (Қызылорда) мен «Жетісу» (Талдықорған) ойнайды. 

Ал 25 тамызда 18:00–де «Қайрат» (Алматы) пен «Тобыл» (Қостанай) шеберлік байқасады.

Сол күні 20:00–де «Ордабасы» (Шымкент) мен «Ақтөбе» жасыл алаңға шығады.

Бұл турдағы «Жеңіс» (Астана) мен «Астана» кездесуі 29 қыркүйекке шегерілді.

Соңғы жаңалықтар