Премьер-лигада «Шахтер» мен «Жетісу» тең түсті
АСТАНА. KAZINFORM — Футболдан Қазақстан Премьер-лигасының ХІV турында «Шахтер» (Қарағанды) мен «Жетісу» (Талдықорған) кездесуінің нәтижесі белгілі болды.

Биыл қарағандылық клуб турнир кестесінде сәтсіз ойын көрсетіп келеді. Салдарынан төменгі орындардың бірін місе тұтып тұрған жағдайы бар.
Ал талдықорғандық команда алғашқы турларда жанкүйер көңілінен шығарлық деңгейде ойын көрсетті.
Дегенмен одан кейін бірнеше ойын бойы жеңілістің ащы дәмін татып, жағдайын біршама қиындатып алған еді.
Кездесу барысында командалар тартысты ойын өткізе білді. Қос клуб тарапынан гол соғатын бірнеше мүмкіндік болды.
Командалар 0:0 есебіне қанағат білдірді.
Айта кетсек, аталған турда 20:00–де «Қайсар» (Қызылорда) мен «Елімай» (Семей) кездеседі.
Ал 18:00–де «Қайрат» (Алматы) пен «Жеңіс» (Астана) шеберлік байқасады.
Сондай-ақ «Ордабасы», «Ақтөбе», «Тобыл» командаларының еурокубок ойындарына қатысуына байланысты аталған турдағы олардың қатысуымен өтетін бірқатар ойындар кейінге шегерілді.