Президент Алматыдағы атысқа қатысты пікір білдірді
«Қоғамда резонанс тудырған Алматыда таяуда орын алған қайғылы оқиғаға жеке тоқталғым келеді. Қаза тапқандардың туған-туыстары мен жақындарына тағы да көңіл айтамын. Полиция қызметкерлері мен сот орындаушысы өздерінің қызметтік борышын атқарды. Өкінішке орай өздеріне шабуыл салдарынан қаза тапты. Адам өлтіруді оның қандай да бір себебі болса да ақтауға болмайды. Өркениетті қоғамды мұндай сипаттағы кез келген дау мен проблема тек қана құқықтық алаңда шешілуі тиіс. Бұған қоса, орын алған қайғылы жайттың мән-жайын тыңғылықты ашу керек. Мұндай жайт неліктен орын алғанын анықтау қажет. Кредиторлар мен проблемалы заемщылар арасындағы әсіресе тұрғын үйге қатысты қарым-қатынас өте нәзік. Мұны білеміз әрі заңдық жетілдіруді талап етеді», - деді Мемлекет басшысы Маңғыстау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі кеңес барысында.
ҚР Президенті мұның банктердің кепіл саясатына, бағалау қызметін жетілдіруге, жеке сот орындаушылардың жүмысына және өзге де аспектілерге қатысты екендігін атап өтті. Бұл мәселеде ашық және бірыңғай сот тәжірибесін қамтамасыз ету маңызды екендігіне баса назар аудартты.
«Үкіметке, Ұлттық банкке және Қаржылық реттеу агенттігіне бір ай мерзімнің ішінде заңнамалық және нормативтік түзетілер топтамасын дайындау тиіс. Тағы да қайталап айтамын, егер оған қажеттілік болса. Дегенмен, мен мұндай қажеттілік туындап отыр деп санаймын. Бірақ, мамандар бұл проблеманы тағы да бір мәрте тыңғылықты зерделеуі тиіс. Сонымен қатар Үкімет пен Алматы әкімдігі қайғылы оқиғадан зардап шеккендердің барлығына, бірінші кезекте балаларға қолдау көрсетуі қажет»,- деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Еске салсақ, Алматыда атыс болып, 5 адамның қаза тапқанын хабарлаған болатынбыз.
Аталған жағдай бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Кінәлі адам 20 жылға дейін немесе өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін.