09:02, 16 Желтоқсан 2025 | GMT +5
Президент Аустралия Премьер-министріне көңіл айту жеделхатын жолдады
АСТАНА. KAZINFORM – Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Сиднейдегі Ханука мейрамы кезінде орын алған қайғылы оқиғаға байланысты Аустралия Премьер-министрі Энтони Албанизге көңіл айту жеделхатын жолдады. Бұл туралы Ақорда хабарлады.
- Мемлекет басшысы қаза тапқан жандардың отбасылары мен жақындарына көңіл айтып, зардап шеккен азаматтардың тезірек сауығып кетуіне тілектестігін білдірді, - делінген жеделхатта.
Қасым-Жомарт Тоқаев жантүршігерлік қылмысты қатаң айыптап, еліміздің атынан осы қиын сәтте Аустралия халқына сабыр тілейтінін жеткізді.
Айта кетейік, Президент ресми сапармен Жапонияға барады.