Президент: Азия елдері жаһандық жылыну мен су тапшылығының салдарын қазірдің өзінде сезініп отыр

АСТАНА. KAZINFORM — Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Арал теңізін қалпына келтіруге қолдау көрсеткені үшін Италия басшылығына алғыс айтты.

саммит
Фото: Ақорда

— Азия елдері жаһандық жылынудың, мұздықтардың еруінің, шөлейт және су тапшылығының салдарын қазірдің өзінде сезініп отыр. Біз аймақтағы экологиялық мәселелерді, атап айтқанда Арал теңізі алабын қалпына келтіру ісіндегі белсенді қолдауы үшін Италияға ризашылығымызды білдіреміз. Біз суды ұтымды пайдалану және шөлейттенуге қарсы күреске арналған технологияларды енгізу мақсатында Италиямен, оның ішінде Италияның климаттық қорымен одан әрі нәтижелі ынтымақтастыққа үміт артамыз, — деді Қасым-Жомарт Тоқаев елордада өтіп жатқан «Орталық Азия — Италия» бірінші саммитінде.

Президент: Қазақстан Италияға мұнай жеткізу көлемін ұлғайтуға дайын
Фото: Ақорда

Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Каспийден Африкаға дейін созылатын Азия мен Еуропа арасындағы ең сенімді және қауіпсіз көлік желісін құруды ұсынды

Сондай-ақ Президент Италияның жоғары оқу орындарын Қазақстанда филиалын ашуға шақырды. 

Айта кетейік, 2026 жыл «Орталық Азия мен Италияның» мәдени қозғалыс жылы ретінде аталып өтеді

Соңғы жаңалықтар