Президент Әзірет Сұлтан мешітіне барды

Әзірет Сұлтан мешіті
Фото: akorda.kz

АСТАНА. KAZINFORM - Қасым-Жомарт Тоқаев Құрбан айт мерекесіне орай елордадағы Әзірет Сұлтан мешітіне барды.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Мешітте Құран оқытылып, Мемлекет басшысының атынан құрбандық шалынды.

Осыған дейін күллі мұсылман үшін ұлық саналатын Құрбан айт мерекесі басталғанын жаздық.

Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Құрбан айт мерекесімен құттықтады.

Соңғы жаңалықтар