Президент Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің өкілеттігін кеңейтті

АСТАНА. KAZINFORM – 2025 жылғы 18 тамыздағы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі туралы ережеге өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды Kazinform тілшісі. 

Президент Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің өкілеттігін кеңейтті
Фото: Ақорда

Қыркүйек айының басынан бастап агенттікке жаңа міндеттер жүктелмек. Олардың қатарында:

мобилизациялық дайындық шаралары,

ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздік саласындағы талаптардың сақталуын бақылау,

мемлекеттік құпияларды қорғау,

мемлекеттік қызметтер көрсетуге қатысты құқықтық актілерді әзірлеу.

Ал 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап агенттікке тағы екі функция беріледі:

салықтық жеңілдіктерді келісу,

көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл шараларына қатысу.

Жарлық 2025 жылғы 1 қыркүйектен бастап күшіне енеді, ал жекелеген нормалар — 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

Соңғы жаңалықтар