12:42, 15 Тамыз 2025 | GMT +5
Президент бір топ ұстазға мемлекеттік наградалар табыстады
АСТАНА. KAZINFORM – Президент Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы Жарлыққа қол қойды

Мемлекет басшысының Жарлығымен білім берудегі аса үздік жетістіктері және Қазақстан Республикасына сіңірген айрықша еңбегі үшін наградталды:
«Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» құрметті атағы беріледі
- Байсаринова Раушан Алтыбайқызы – Өскемен қаласы Жамбыл атындағы дарынды балаларға арналған мектеп-гимназия интернатының орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
- Дәуітова Светлана Қадырқызы – Алматы қаласы № 59 мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі
- Испанова Ләззат Сарқытбайқызы – Жетісу облысы Қаратал ауданындағы орта мектеп директоры
- Құдайбергенова Айсұлу Сайлауханқызы – Алматы қаласы № 176 мектеп-гимназиясының математика пәнінің мұғалімі
- Аблемова Шолпан Бақытқызы – Петропавл қаласы № 4 орта мектебінің қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәнінің мұғалімі

«Құрмет» орденімен
- Әбішева Шолпан Шәріпбайқызы – Алматы қаласы Химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің мұғалімі
- Әбуева Раушан Бәкірқызы – Жамбыл облысы Сарыкемер мектеп-гимназиясы қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәнінің мұғалімі
- Даурықбаева Шұға Амангелдіқызы – Қарағанды қаласы Химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің мұғалімі
- Гүл Муаммер – Нұрорда Алматы еуразиялық халықаралық мектебінің мұғалімі
- Жайырбаева Рысжан Сағдолдақызы – Астана қаласы Физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің мұғалімі
- Қолдашева Оксана Владимировна – Павлодар қаласы Дарынды балаларға арналған № 8 мектеп-лицейі химия пәнінің мұғалімі
- Имашпаева Гүлжайна Ашанқызы – Өскемен қаласы Химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің мұғалімі
- Рақымова Гүлнәр Мизинбайқызы – Астана қаласы № 6 гимназия директорының орынбасары
- Степанова Елена Александровна – Алматы қаласы архитектура, дизайн және инженерия колледжінің өндірістік оқыту шебері
«Ерен еңбегі үшін» медалімен
- Айтілеуов Нұртас Әбдуаитұлы – Түркістан облысы Баласағұн атындағы № 4 жалпы білім беретін мектебі математика пәнінің мұғалімі
- Әбенова Ләззат Өтегенқызы – Қызылорда облысы Толыбеков атындағы № 3 мектеп-лицейі қазақ тілі мен қазақ әдебиеті мұғалімі
- Құрмашев Абзал Назымбекұлы – Ақмола облысы Білім-инновация лицей-интернаты тарих пәнінің мұғалімі
- Әлмішева Ләззат Шайзақызы – Жезқазған қаласы № 3 жалпы білім беретін мектебінің орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі,
- Король Алла Васильевна – Астана қаласы қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжінің өндірістік оқыту шебері
- Нәжіметова Зухра Тайырқызы – Шымкент қаласы Гагарин атындағы № 34 орта білім беретін мектебі химия-биология пәндерінің мұғалімі
- Рақымова Эльмира Ерсәлімқызы – Қостанай қаласы № 1 мектеп-лицейінің мұғалімі
- Сәбитов Аян Баянбекұлы – Ақтөбе облысы Дарынды жасөспірімдерге арналған Білім-инновация лицей-интернатының мұғалімі

«Шапағат» медалімен
- Нұрмағанбетов Ербол Зермұханбетұлы – Алматы қаласы Білім-инновация лицей-интернаты биология пәнінің мұғалімі
- Әбішева Рысгүл Төкенқызы – Абай облысы Аягөз ауданы № 10 қазақ мектеп-гимназиясының мұғалімі
- Бахдәулетұлы Ибраһим – Атырау облысы Білім-инновация лицей-интернаты химия пәнінің мұғалімі.
Айта кетейік, Президент мұғалім мәртебесін көтеру үшін қажетті жағдайдың бәрі жасалатынын айтты.