Еліміз бойынша 2334 ауыл әкімі сайланды

АСТАНА. KAZINFORM — Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл әкімдерінің диалог-платформасында сөз сөйлеп, жергілікті әкімдер бүкіл билік жүйесінің тірегі саналатынын атап өтті.

әкім
Фото: Ақорда

- 2020 жылы халыққа Жолдауымда ауыл әкімдерін тікелей сайлау туралы бастама көтергенімді білесіздер. Бұл мемлекетті басқару ісін түбегейлі жаңғырту жолындағы аса маңызды қадам болды. Себебі жергілікті әкімдер бүкіл билік жүйесінің тірегі саналады. Сондықтан біз орынсыз асығыстыққа жол берген жоқпыз, ауыл әкімдерін сайлау жұмысын 5 жылдың ішінде біртіндеп жүзеге асырдық. Бүкіл еліміз бойынша 2334 ауыл әкімі сайланды. Олардың орташа жасы – 43 жас. Жаңадан сайланған әкімдердің үштен бірі – бұрын мемлекеттік қызметте болмаған азаматтар, - деді Президент.

Бүгін Астанада ауыл әкімдерінің диалог-платформасы өтіп жатқанын жазған едік.

Соңғы жаңалықтар