Президент Геннадий Головкинді І дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады

АСТАНА.KAZINFORM — Қасым-Жомарт Тоқаев Геннадий Головкинді Ақордада қабылдап, World Boxing халықаралық федерациясының президенті болып сайлануымен құттықтады. Бұл туралы Ақорда мәлім етті. 

Президент Геннадий Головкинді І дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады
Фото: Ақорда

Бүгін сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев Геннадий Головкинді І дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы бүгінде спорттық мансабындағы жаңа кезеңге аяқ басқан Геннадий Головкинді World Boxing федерациясының президенті болып сайлануымен құттықтап, жұмыс енді ғана басталғанын айтқан еді. Алдында атқаратын қыруар шаруа тұрғанын, сондай-ақ оның жаһандық деңгейдегі спорттық құрылымды басқарып отырған алғашқы қазақстандық екенін айтқан болатын. Президент оның кәсіби біліктілігі ұйымды жаңа белеске көтеріп, бокс көкжиегін кеңейтетініне сенімді екенін алға тартты. 

Геннадий Головкин еңбегін жоғары бағалағаны, сенім артып, қолдау көрсеткені үшін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты. Сондай-ақ боксты одан әрі дамытуға, осы спорт түрінің еліміздегі және халықаралық деңгейдегі беделін нығайтуға дайын екенін жеткізді.

Соңғы жаңалықтар