Президент Иран аумағынан БАӘ-ні зымырандармен шабуылдау әрекеттерін айыптады

АСТАНА. KAZINFORM –Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Иран аумағынан Біріккен Араб Әмірліктерін зымырандармен және ұшқышсыз ұшу аппараттарымен шабуылдау әрекеттерін айыптады. Бұл туралы Президенттің кеңесшісі – баспасөз хатшысы Айбек Смадияров жазды. 

Акорда Ақорда
Фото: Виктор Федюнин / Kazinform

Соның салдарынан көптеген тұрғын қаза тауып, азаматтық инфрақұрылымға нұқсан келді.

Мемлекет басшысы Таяу Шығыстағы қарулы қақтығысты одан әрі ушықтыратын мұндай әрекеттерді еш ақтауға болмайды деп санайды.

Қасым-Жомарт Тоқаев халықаралық даулы мәселелерді шешудің ең дұрыс жолы дипломатиялық тәсілдерге жүгіну екенін атап өтті. 

Айта кетелік Қасым-Жомарт Тоқаев Иранның көрші елдерге шабуылдан бас тартуын құптайтыны туралы жазған едік

Соңғы жаңалықтар
Референдум