16:48, 14 Қараша 2025 | GMT +5
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевты ресми қарсы алу рәсімі өтті
ТАШКЕНТ. KAZINFORM — Қазақстан мен Өзбекстанның әнұрандары шырқалып, Құрмет қарауылының бастығы рапорт берді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Салтанатты рәсімнен кейін мемлекеттер басшылары бір-біріне екі елдің ресми делегация мүшелерін таныстырды.



Сапар бағдарламасына сәйкес ертең президенттер келіссөздер жүргізеді.


Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёевтің төрағалығымен Қазақстан-Өзбекстан Жоғары мемлекетаралық кеңесінің екінші отырысы өтеді.
Бұдан бұрын Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевтің шақыруымен Ташкентке мемлекеттік сапармен барғаны хабарланды.