12:48, 09 Мамыр 2025 | GMT +5
Президент Қызыл алаңдағы парадқа қатысқан сарбаздарға құрмет көрсетті
МӘСКЕУ. KAZINFORM — Мемлекет басшысы Қызыл алаңдағы парадқа қатысқан Қазақстан Қарулы Күштерінің сарбаздарына құрмет көрсетті. Бұл туралы Ақорда мәлім етті.

— Әскери шеруге Қазақстан Республикасынан Кеңес Одағының Батыры, генерал-майор Иван Панфилов атындағы Десанттық-шабуылдау әскері 37-ші бригадасының жауынгерлері қатысты. Салтанатпен сап түзеген қазақстандық 80 сарбазды полковник Алмас Төлегенов бастап жүрді, — делінген хабарламада.



Еске сала кетейік, Президент Жеңістің 80 жылдығына арналған іс-шараларға қатысу үшін Ресейге барғанын жазған едік.
Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаевты Владимир Путин Кремльде қарсы алған болатын.