Президент Конго Демократиялық Республикасын Тәуелсіздік күнімен құттықтады

АСТАНА. KAZINFORM — Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Феликс-Антуан Чисекеди Чиломбоны Конго Демократиялық Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтады. Бұл туралы Ақорда мәлім етті. 

Президент Конго Демократиялық Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтады
Фото: Ақорда

– Бүгінде Конго өзінің іргетасын нығайтуда, азаматтарының ырыс-берекесін еселеуде, сондай-ақ халықаралық сахнадағы мерейін үстем етуде қомақты жетістіктерге қол жеткізіп келеді. Осы тұста, Сіздің сындарлы саясатыңыз бен игі бастамаларыңыз мемлекетіңізді биік белестерге жетелей беруіне тілектеспін, – деп жазылған жеделхатта.

Еске сала кетейік, бұған дейін Мемлекет басшысы Кассациялық соттардың төрағалары мен судьяларын тағайындағанын жазған едік.

Соңғы жаңалықтар