Президент күштік құрылымдарға инфрақұрылым қауіпсіздігін бақылауды тапсырды

АСТАНА. KAZINFORM – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев күштік құрылымдарға инфрақұрылым қауіпсіздігін бақылауды тапсырды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Президент күштік құрылымдарға инфрақұрылым қауіпсіздігін бақылауды тапсырды
Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-министрге, күштік құрылымдардың басшыларына, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры мен ұлттық компаниялардың жетекшілеріне, сондай-ақ аймақ әкімдеріне тіршілікті қамтамасыз ететін нысандардың, көлік, энергетика және коммуналдық инфрақұрылымның, соның ішінде әуежайлардың, теңіз және өзен порттарының қауіпсіздік шараларын күшейтуді тапсырды.

Аталған жұмысты үйлестіру Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысына жүктелді.

Еске сала кетейік, бұған дейін Мемлекет басшысы «Қазақтелеком» АҚ басқарма төрағасы Бағдат Мусинді қабылдағанын хабарлаған едік. 

Соңғы жаңалықтар
Референдум