Президент Мәскеудегі халықаралық қатынастар институтының студенттерімен әңгімелесті

МӘСКЕУ. KAZINFORM — Студенттер Мемлекет басшысына қазақша тіл қатты, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Президент Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтының студенттерімен әңгімелесті
Фото: Ақорда

Олар Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың кітаптарында көрініс тапқан дипломатия мен ашықтық қағидалары Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтында үлгі ретінде оқытылатынын жеткізді. Сонымен қатар жастар Абай Құнанбайұлы шығармашылығына зор қызығушылықпен қарайтынын айтты.

Президент Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтының студенттерімен әңгімелесті
Фото: Ақорда

— Ақынның «Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп» деген достық туралы ой орамдары өте ерекше. Ресей мен Қазақстан — мәңгілік достықтың қос қанаты деп есептейміз. Екі елді, екі халықты риясыз, шынайы достық қарым-қатынас байланыстырады, — деді жастар.

Президент Казахстана побеседовал со студентами МГИМО на казахском языке
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы студенттердің қазақ тілін үйренуге деген ынтасына жоғары баға беріп, оларға сәттілік тіледі.

— Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институты — өте беделді жоғары оқу орны. Бүкіл әлемге танымал. Қазақстан бүгінде дербес мемлекет. Менің ойымша, Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтында алған білімдеріңіз болашақта мол пайдасын тигізеді. Өйткені түрлі елдер туралы, оның ішінде Ресейдің бұрыннан келе жатқан одақтасы Қазақстан жайында көп мағлұмат білу Сіздерге кейін жұмысқа орналасуға, сондай-ақ әлемде және өңірлік деңгейде бәсекеге қабілетті маман болуға көмектеседі, — деді Президент.

Президент Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтының студенттерімен әңгімелесті
Фото: Ақорда

Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путиннің шақыруымен Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды.

Соңғы жаңалықтар