Президент мемлекеттік басқаруда озық жапон тәжірибесін ұсынды

АСТАНА. KAZINFORM — Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев озық шешімдерді мемлекеттік басқару саласына енгізуде Жапония тәжірибесіне назар аударуға шақырды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Жапонияға сапар
Фото: Nano Banana Pro

Оның сөзінше, жасанды интеллект және цифрлық технологияны дамытуға баса мән беру керек.

— Менің өткен аптада Жапонияға ресми сапармен барғанымды білесіздер. Сапар кезінде Токио губернаторымен кездестім. Түрлі салада ынтымақтастық орнатуға келістік, цифрлық технологияларға ерекше назар аудардық. Токиодағы Smart City жобасымен таныстық. Жапония озық шешімдерді мемлекеттік басқару саласына енгізу тұрғысынан зор табысқа жетіп отыр. Біз осы бағытта тәжірибе алмасатын болдық, — деді Тоқаев.

Еске салсақ, 17 желтоқсанда Қасым-Жомарт Тоқаев Жапонияға ресми сапармен барды.

Мемлекет басшысы Жапония Императоры Нарухитомен кездесті.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев Мейджи Джингу ғибадатханасын аралап көрді.

Бұдан бөлек Президент Жапония Парламентінің Қазақстанмен достық лигасы мүшелерімен кездесу өткізді.

Соңғы жаңалықтар