15:14, 17 Тамыз 2025 | GMT +5
Президент Пәкістан Премьер-министрі Шахбаз Шарифке көңіл айту жеделхатын жолдады
АСТАНА. KAZINFORM – Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістанда су тасқыны мен нөсер жауынның салдарынан көптеген адамның қаза тауып, зардап шегуіне байланысты көңіл айтты. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

– Қаза болған адамдардың отбасыларына көңіл айтып, қайғысына ортақтасамын. Зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектеспін, - деп жазылған жеделхатта.
Еске сала кетейік, бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Прабово Субиантоны Индонезия Республикасы тәуелсіздігінің 80 жылдық мерейтойымен құттықтағанын жазған едік.