Президент Францияға сапары туралы: Ыстық ықыласқа ерекше тәнті болдым
АСТАНА. KAZINFORM - Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Х әлеуметтік парақшасында Франция сапары туралы пікір білдірді.
«Францияға мемлекеттік сапарым кезінде көрсетілген ыстық ықыласқа ерекше тәнті болдым. Мазмұнды келіссөздердің қорытындыларын жоғары бағалаймын. Маған және барша Қазақстан халқына білдірген құрметі үшін Президент Макронға шынайы алғысымды айтамын. Франция көшбасшысын келер жылы Қазақстанға мемлекеттік сапармен келуге шақырдым», — деп жазды Мемлекет басшысы өзінің Х әлеуметтік парақшасында.
Айта кетейік, бұған дейін Президенттің Франция Республикасына мемлекеттік сапармен барғанын жазғанбыз.
Сонымен қатар, Kazinform тілшісі Қазақстан мен Франция қарым-қатынасының нығаюын жан-жақты қамтып көрді.
Елисей сарайында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты ресми қарсы алу рәсімі өтті.
Қазақстан мен Франция Президенттері Бірлескен декларация қабылдады.
Сонымен қатар Эмманюэль Макрон Қазақстан Президентінің Францияға сапары туралы жазба жариялады.