09:12, 25 Қазан 2025 | GMT +5
Президент Шұғыла Өмірбекті әйелдер күресінен әлем чемпионатының жеңімпазы атануымен құттықтады
АСТАНА. KAZINFORM - Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Шұғыла Өмірбекті әйелдер арасындағы күрестен U23 әлем чемпионатының жеңімпазы атануымен құттықтады.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
«Бұл – тарихи жеңіс. Өйткені еліміз мұндай халықаралық жарыста алғаш рет алтын медаль иеленіп отыр. Әр салада өзінің табандылығымен, еңбекқорлығымен табысқа жететін жастардың өсіп келе жатқаны қуантады. Шұғыланың алдағы уақытта да биік белестерді бағындыра беруіне тілектестік білдіремін!»
Айта кетейік, осыған дейін әйелдер күресінен Қазақстан құрамасының өкілі Шұғыла Өмірбектің Сербияның Нови-Сад қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатының алтын жүлдесін алғаны туралы жаздық.