Президент тапсырмасы: Таяуда Қатонқарағай аудандық полиция бөлімшесін жөндеуге қаражат бөлінеді

АСТАНА. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысындағы Қатонқарағай аудандық полиция бөлімшесінің ғимараты жөндеуден өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

Апталық онлайн-брифингі барысында ведомство өкілі Шұғыла Тұрлыбек Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов өткен аптада Шығыс Қазақстан облысына жасаған жұмыс сапары барысында Катонқарағай ауданы полиция бөлімшесінің жұмысымен танысқанын айтты.

«Катонқарағай полицейлері қызмет ететін ғимарат өткен ғасырдың 80-жылдарының басында, яғни Кеңес Одағы кезінде салынған. Аталмыш нысанда ондаған жылдардан бері жөндеу жұмыстары жүргізілмеген. Полиция ведомствосының басшысы облыс әкімімен тозығы жеткен ғимарат пен жұмыс кабинеттерін жөндеу мәселесін талқылады. Министр полицейлердің құқықтық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша тиімді жұмыс істеуі үшін қажетті жағдайлар жасау қажеттігін атап өтті. Облыс әкімі ғимаратты жөндеуге және полиция бөлімшесінің толыққанды жұмыс істеуін қамтамасыз етуге бюджеттен кезектен тыс қаражат бөлу мәселесі жақын арада қаралатынын айтты», - деді Шұғыла Тұрлыбек.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістанда өткен Ұлттық құрылтайдың екінші отырысында шекара маңындағы Катонқарағай, Марқакөл және Мақаншы аудандарының мәртебесін қайта қалпына келтіруді тапсырған болатын.


Соңғы жаңалықтар