Мемлекет басшысы Тараздағы әскери мектеп-интернатқа барды

ТАРАЗ. KAZINFORM — Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысына жұмыс сапары аясында мамандандырылған әскери мектеп-интернатының қызметімен танысты. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.

Мемлекет басшысы Тараздағы мамандандырылған әскери мектеп-интернатқа барды
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы оқу кабинеттері мен спорт залын аралап көрді.

Мемлекет басшысы Тараздағы мамандандырылған әскери мектеп-интернатқа барды
Фото: Ақорда

Президентке мекемеде 180 бала білім алып, интернатта тұратыны жөнінде баяндалды.

Мемлекет басшысы Тараздағы мамандандырылған әскери мектеп-интернатқа барды
Фото: Ақорда

Мектеп жас өскіндерге білім беріп, тегін тамақтандырады әрі тұрғынжаймен қамтамасыз етеді.

Мемлекет басшысы Тараздағы мамандандырылған әскери мектеп-интернатқа барды
Фото: Ақорда

Оқу бағдарламасы 7-11 сыныптарға арналған.

Мемлекет басшысы Тараздағы мамандандырылған әскери мектеп-интернатқа барды
Фото: Ақорда

Білім ошағының негізгі мақсаты — келешектегі Отан қорғаушыларды даярлау, оларға әскери-патриоттық тәрбие беру.

Әскери интернатта курсанттар сабақтан тыс уақытта роботты техника, дронды басқару, жасанды интеллект үйірмелеріне қатысады.

Касым-Жомарт Токаев посетил специализированную военную школу-интернат в Таразе
Фото: Ақорда

Болашақ әскери қызметшілерге ағылшын тілі тереңдетіп оқытылады.

Мемлекет басшысы Тараздағы мамандандырылған әскери мектеп-интернатқа барды
Фото: Ақорда

— Қасым-Жомарт Тоқаев оқушылармен әңгімелесіп, мемлекет тарапынан әскери білім беру жүйесін дамытуға ерекше назар аударылып отырғанын атап өтті. Іс-шара соңында Мемлекет басшысы білім ошағына Бауыржан Момышұлының портретін және елімізде құрастырылған мектеп автобусын сыйға тартты, — делінген хабарламада.

Мемлекет басшысы Тараздағы мамандандырылған әскери мектеп-интернатқа барды
Фото: Ақорда

Осыған дейін Жамбыл облысының бір топ азаматы мемлекеттік наградалармен марапатталғанын жазған едік.

Соңғы жаңалықтар