Президент телерадиокешені «Абылай хан» фильмінің түсіріліміне кірісті

АСТАНА. KAZINFORM — Қысқаметражды көркем фильм 1771 — 1781 жылдары Қазақ хандығын басқарған көрнекті мемлекет қайраткері, ержүрек қолбасшы Абылай хан жайында баяндайды.

Фильм о полководце Абылай хане
Фото: Президент ТРК

Фильмді ҚР Президенті телерадиокешенінің Деректі фильмдер орталығы түсіріп жатыр. Түсірілім Қонаев қаласындағы «Көшпенділер» алаңында өтуде. 

хан
Фото: Президент ТРК

«Абылай хан» көркем фильмі Бурабайдағы Абылай хан алаңында орналасқан мультимедиалық-интерактивті кешенде көрсетіледі. 

Кешенге келушілер қазақ халқының біртуар перзенті — Абылай хан атанған бала Әбілмансұрдың өмір тарихын білуге зор мүмкіндік алады.

Басты рөлді қазақтың белгілі актері Жандос Айбасов сомдайды.

Фильмде сондай-ақ Болат Момынжанов, Байкенже Белбаев, Сағызбай Қарабалин, Асхат Үрпеков, Айдос Әбдіқадыров, Динара Әтеева сияқты актерлер бой көрсетеді. 

Фильм о полководце Абылай хане
Фото: Президент ТРК

Фильмнің режиссері — Ғалымжан Баязитов, сценарий авторлары — Радик Темірғалиев пен Майра Жұмабекова.

Соңғы жаңалықтар