Президент Тоқаев футболдан Қазақстан құрамасын жеңісімен құттықтады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев футболдан Қазақстан ұлттық құрамасын Еуро-2024 чемпионатының іріктеу кезеңінде Солтүстік Ирландия командасымен өткен матчтағы жарқын жеңісімен құттықтады. ҚазАқпарат бұл туралы Ақордаға сілтеме жасап хабарлайды.
None
Фото: Aqorda

«Жеңіс құтты болсын! Бүгін жақсы ойын болды. Шеберлік көрсеттіңіздер. Жұрт, бәрі риза», - деді Қ.Тоқаев.

Өз кезегінде футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының капитаны Асхат Тағыберген көрсеткен қолдауы үшін Президентке алғыс айтып, команда атынан доп сыйлады.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы матчтағы жалғыз гол авторы Максим Самородовқа ризашылығын білдірді. «Жақсы гол соқтың. Маған ұнады», - деді Қ.Тоқаев футболшының қолын алып жатып.

Еске салайық, Қазақстан - Солтүстік Ирландия матчы бүгін, елордадағы «Астана - Арена» стадионында өтті.

Ойынды Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев пен кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин трибунадан бірге тамашалады.

Тартысты кездесу қазақстандықтардың пайдасына 1:0 есебімен аяқталды. Жалғыз голды шабуылшы Максим Самородов соқты.



Соңғы жаңалықтар