Президент Токионың Төтенше жағдайлар жөніндегі ахуалдық орталығын аралап көрді

АСТАНА. KAZINFORM – Ақорда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Токионың Төтенше жағдайлар жөніндегі ахуалдық орталығын аралап көргенін мәлімдеді.

Президент Токионың Төтенше жағдайлар жөніндегі ахуалдық орталығын аралап көрді
Фото: Ақорда

Бұл азаматтық қорғаныс пен қаладағы қауіп-қатерлердің алдын алудың негізгі жүйесі саналады.

- Орталықтың басты міндеті – қаладағы ахуалға ұдайы мониторинг жүргізу, төтенше жағдай кезінде билік органдарының іс-әрекетін үйлестіру, ықтимал қатер мен орын алған апаттар (жер сілкінісі, тайфун, су тасқыны, ірі техногендік апаттар, лаңкестік актілер) туралы ақпараттарды талдау, - делінген ақпаратта.

БАҚ пен әлеуметтік желілердегі жалған ақпараттың таралуына қарсы іс-қимылға баса көңіл бөлінеді. Бұл жұмыспен тәулік бойы мониторинг жүргізетін арнайы бөлімше шұғылданады.

Ал күнделікті өмірде кешен дағдарыс жағдайларын басқару жүйелерін жоспарлау және жетілдіру, азаматтық қорғаныстың өңірлік жоспарын әзірлеу, оқу-жаттығу жиындарын дайындау және өткізу, халықты құлақтандыруға, апаттардың салдарын жоюға арналған ақпараттық жүйелерді дамыту ісімен айналысады.

Айта кетейік, Астана әкімі мен Токио губернаторы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.

Соңғы жаңалықтар