17:31, 21 Наурыз 2026 | GMT +5
Президент Ұлыстың ұлы күніне арналған концертті тамашалады
АСТАНА. KAZINFORM – Президент Ұлыстың ұлы күніне арналған концерттік бағдарламаны көрді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
«Керуен сарай» кешенінің аумағында жұртшылыққа көктем мен жаңарудың сипатын сездіретін концерттік бағдарлама ұсынылды.


Өнерпаздар қазақтың ұлттық және заманауи әндерін шырқады. Сонымен қатар оркестрдің сүйемелдеуімен хореграфиялық қойылымдар көрсетілді.


Концертке танымал мәдениет қайраткерлері, қазақ эстрадасы мен классикалық өнер жұлдыздары, ұлттық ансамбль мен би ұжымдары қатысты.

Еске салсақ, бұдан бұрын Мемлекет басшысының Наурыз мерекесіне қатысқанын жазған едік.