Президент Ұлттық банк туралы жаңа ережені бекітті

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банк туралы ережені жаңартты. 

Президент Ұлттық банк туралы жаңа ережені бекітті
Фото: Әділет Беремқұлов/ Kazinform

Ұлттық банк — Қазақстан Республикасы Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік орган.

— Ұлттық банк мемлекеттің ақша-несие саясатын әзірлеуді және жүргізуді, төлем жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз етуді, қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге жәрдемдесуді, валюталық реттеу мен валюталық бақылауды, статистикалық қызметті, сондай-ақ құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының қаржы заңнамасы саласында қаржы нарығына, қаржы ұйымдарына және өзге де тұлғаларға мемлекеттік реттеуді, бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады, — делінген құжатта.

Ұлттық банк — Қазақстан Республикасының орталық банкі және Қазақстан Республикасының банк жүйесінің жоғарғы (бірінші) деңгейі.

Құжатпен Ұлттық банктің функциялары кеңейтілді, төрағаның, басқарманың, директорлар кеңесінің, ақша-несие саясаты комитетінің өкілеттігі айқындалды.

Ұлттық банк төрағасы Қазақстан Республикасы Президентінің ұсынысы бойынша Парламент Сенатының келісімімен 6 жыл мерзімге тағайындалады және Қазақстан Республикасының Президенті тарапынан қызметінен босатылады.

Президент Жарлығы 2025 жылғы 1 қыркүйектен күшіне енгізілді

Айта кетсек, биыл тамызда Ұлттық банктің алтын-валюта қоры рекордтық деңгейге жетті

Соңғы жаңалықтар