Президент Жамбыл облысындағы фармацевтикалық кәсіпорындардың қызметімен танысты

ТАРАЗ. KAZINFORM — Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жамбыл облысына жұмыс сапары «Әмір және Д» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қызметімен танысудан басталды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Мемлекет басшысы Жамбыл облысындағы фармацевтикалық кәсіпорындардың қызметімен танысты
Фото: Ақорда

Кәсіпорын медициналық бұйымдар мен дәрілік заттар өндіреді.

Мемлекет басшысы Жамбыл облысындағы фармацевтикалық кәсіпорындардың қызметімен танысты
Фото: Ақорда

Президентке медициналық препараттар мен дайын өнім түрлерін шығаратын негізгі цехтың жұмысы көрсетілді.

Мемлекет басшысы Жамбыл облысындағы фармацевтикалық кәсіпорындардың қызметімен танысты
Фото: Ақорда

«Әмір және Д» ЖШС-і әлеуметтік маңызы бар ауруларды диагностикалауға арналған жедел тестілердің көптеген түрін шығарады. Бұл өнімдер В және С гепатитін, ВИЧ-инфекциясын, миокард талмасын, сондай-ақ есірткі және психотропты заттарды анықтай алады.

Мемлекет басшысы Жамбыл облысындағы фармацевтикалық кәсіпорындардың қызметімен танысты
Фото: Ақорда

Кәсіпорынға тиесілі медициналық бұйымдардың 200-ден аса атаулы түрі бар. Бүгінде серіктестікте 94 қызметкер еңбек етеді.

Мемлекет басшысына «Super-pharm» фармацевтикалық компаниясының жұмысы туралы ақпарат берілді.

Мемлекет басшысы Жамбыл облысындағы фармацевтикалық кәсіпорындардың қызметімен танысты
Фото: Ақорда

Бұл — елімізде медициналық бұйымдар өндіретін жетекші кәсіпорындардың бірі. Зауытта 600-ден аса еңбеккер жұмыс істейді.

Мемлекет басшысы Жамбыл облысындағы фармацевтикалық кәсіпорындардың қызметімен танысты
Фото: Ақорда

Компания отандық нарықтағы бір реттік қолдануға арналған медициналық бұйымдарға сұраныстың 30 пайызын қамтамасыз етеді.

Атап айтқанда, кәсіпорын түрлі операциялар үшін хирургиялық және процедуралық жиынтықтарды, медициналық бетперденің барлық түрін, бірреттік қорғаныш киімін, санитарлық-гигиеналық мақсаттағы бұйымдарды өндіреді. Сонымен қатар медициналық шприцтер, инфузионды және қанды қайта құюға арналған система құралдары, басқа да өнімдер дайындалады.

Мемлекет басшысы Жамбыл облысындағы фармацевтикалық кәсіпорындардың қызметімен танысты
Фото: Ақорда

Президент отандық фармацевтика индустриясының дамуы импортқа тәуелділікті төмендетіп, ұлттық денсаулық сақтау жүйесін нығайтуда маңызды екенін атап өтті. 

Айта кетелік Мемлекет басшысы Жамбыл облысына жұмыс сапарымен барған еді

Соңғы жаңалықтар
Референдум