Президент жамбылдықтарға ел дамуына қосқан үлесі үшін алғыс айтты

ТАРАЗ. KAZINFORM — Мемлекет басшысы жамбылдықтармен кездесу барысында «Әулиеата – нағыз еңбекқор адамдардың мекені» екенін атап өтті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Тоқаев
Фото: Ақорда

Президент «Жұмысшы мамандықтары жылы» аясында еңбек адамдарына айрықша құрмет көрсету дәстүрі жалғасын табатынын айтты.

Президент жамбылдықтарға ел дамуына қосқан үлесі үшін алғыс айтты
Фото: Ақорда

— Өздеріңіз білесіздер, биыл бір ел болып «Жұмысшы мамандықтары жылын» атап өттік. Жыл бойы еңбек адамдарына айрықша құрмет көрсеттік. Осы жақсы дәстүр алдағы уақытта да жалғасын табады. Өз ісіне жауапкершілікпен қарап, қызметін мінсіз атқарған адам қашанда қадірлі болады. Мен мұны үнемі айтып жүрмін. Бұл тұрғыдан алғанда, Жамбыл жұртының ел дамуына қосқан үлесі мол, еңбегі ерен екені белгілі. Әулиеата — нағыз еңбекқор адамдардың мекені. Қазір ортамызда жұмысын адал атқарып, халқымызға аянбай қызмет етіп жүрген азаматтар отыр. Баршаңызға шынайы ризашылығымды білдіремін, — деді Тоқаев.

Президент жамбылдықтарға ел дамуына қосқан үлесі үшін алғыс айтты
Фото: Ақорда

Осыған дейін Жамбыл облысында жұмыс сапарымен жүрген Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Dala Glass әйнек өндіретін кәсіпорын қызметімен танысты.

Бұған қоса Қасым-Жомарт Тоқаев Бауыржан Момышұлына «Халық қаһарманы» атағын беру туралы шешім қабылдағанын мәлімдеді.

Сондай-ақ Президент ерекше күтімді қажет ететін балалар мәселесіне назар аударды.

Соңғы жаңалықтар