19:11, 06 Желтоқсан 2023 | GMT +5
Президент жеке инвестицияға салынған Smart Bilim мектеп-гимназиясын аралады
Мемлекет басшысы Ақтөбе қаласында жеке инвестиция есебінен салынған Smart Bilim мектеп-гимназиясына барды, деп хабарлайды Kazinform Ақордаға сілтеме жасап.


Президент білім ошағындағы спорт залын, асхананы және шығармашылық ойлау жүйесін дамытуға арналған ArtLab кабинетін аралап көрді.

Сондай-ақ 1-11 сынып оқушыларын негізгі ІТ бағыттар бойынша 3D-модельдеуге баулитын ArtNationkz білім беру жобасымен танысты.

Кәсіпкердің жеке қаражатына салынған бұл мектеп-гимназия биыл қыркүйек айында ашылды.


Оның құрылысына 5,7 миллиард теңге жұмсалған. Нысанның аумағы – 122 мың шаршы метр.


Бүгінде мектепте 3600 оқушы білім алып жатыр.

Мемлекет басшысы мектеп оқушыларымен әңгімелесіп, олардың оқуда табысты болуына тілектестік білдірді.

