Президент Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің шағын құрамдағы отырысына қатысты

АСТАНА. KAZINFORM — Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Санкт-Петербург қаласында өткен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің (ЖЕЭК) кезекті отырысына қатысты, деп хабарлайды Ақорда.

Президент Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің шағын құрамдағы отырысына қатысты
Фото: Ақорда

Кездесуге Қазақстан Президентімен бірге Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин, Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенко, Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаров, Армения Республикасының Премьер-министрі Никол Пашинян, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Бақытжан Сағынтаев қатысты.

Кеңес отырысында Еуразиялық экономикалық одақ жұмысының келесі жылы атқаратын негізгі міндеттері мен бағыттары талқыланды.

Сонымен қатар жиынға қатысушылар ЕАЭО-ның қазіргі қызметіне байланысты бірқатар мәселе жөнінде пікір алмасты.

Айта кетейік, бүгін Мемлекет басшысы Санкт-Петербург қаласына барған болатын.

Соңғы жаңалықтар