11:26, 29 Мамыр 2023 | GMT +5
Президент жұмыс сапарымен Солтүстік Қазақстан облысына барды
АСТАНА. ҚазАқпарат – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Солтүстік Қазақстан облысына барды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақорданың Telegram каналына сілтеме жасап.
Президент мұнда өңірдегі көктемгі егіс науқанымен танысып, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілермен кездеседі, сондай-ақ әлеуметтік нысандарды аралап көреді.
Айта кетейік, осыған дейін Қасым-Жомарт Тоқаевтың Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарымен баратынын хабарлаған болатынбыз.
Сондай-ақ Президент 30 мамыр күні Ақордада бірқатар мемлекеттің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдайды.
Ал 2-маусымда Қырғызстанның Шолпан-Ата қаласында өтетін екінші «Орталық Азия – Еуропалық Одақ» саммитіне қатыспақ.