Прокурорлар миллиардер Өндіргеновті қатаң режимдегі колонияға 10 жылға тоғытуды сұрап отыр
М.Өндіргеновтің ісі қылмыстық іс бойынша арнайы мамандандырылған сотта қаралып жатыр.
Өндіргеновті Қылмыстық кодекстің бірнеше бабы бойынша, оның ішінде ұйымдасқан қылмыстық топ құру және басқару, қылмыстық жолмен ақша жымқыру, алаяқтық, ірі көлемде ақша бопсалау, заңсыз бас бостандығынан айыру бойынша айып тағылуда.
Одан бөлек, прокуратура субсидия ретінде қала бюджетінен «Ақтөбе автопарк» ЖШС-не бөлінген 4,5 млрд. теңгені төлету туралы облыс әкімдігінің талабын қанағаттандыру қажет деп санайды.
Кәсіпорын шығынға ұшырадық деп хабарлаған, ал шын мәнінде қоғамдық көліктен күніне 4-5 миллион теңге түсіп отырған.
Прокурор Амангүл Жұмағалиева «Ақтөбе автопарк» ЖШС бұрынғы директоры Ербол Әділовті ҚР ҚК 190-бабы, 4-бөлімі (аса ірі көлемдегі алаяқтық) және 262-бабы, 2-бөлімі (Ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысу) бойынша айыпты деп тануды және жалпы режим колониясына 8 жыл бас бостандығынан айыруды сұрады.