Пржеваль жылқысы қазақша Керқұлан, Кертағы деп аталады
АСТАНА. KAZINFORM - Пржевальский жылқысы атауы ежелгі қазақша Керқұлан, Кертағы атауларымен толықтырылды.

ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті ұйымдастырған Қазақстандағы Прежевальский жылқысының тарихи атауы мәселесі бойынша конференцияға Зоология институты, Шоқан Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты, Қазақстандық биосаналуандықты сақтау қауымдастығы қатысты.
Жиналыстың қорытындысы бойынша «Пржевальский жылқысының» қазақ тіліндегі атауы «Керқұлан», үтір арқылы «Кертағы» деп аталып, тиісті құжаттарға өзгеріс енгізу жөнінде шешім қабылданды.
Еске сала кетейік, биыл жазда елімізге 8 бас Пржеваль жылқысы әкелінеді.
Мақсат – оларды жерсіндіріп, санын көбейту.
Сондай-ақ, 3-4 жыл ішінде Чехиядан жеткізілетін жабайы жылқылардың санын 40-қа дейін жеткізу жоспары бар.
Пржеваль жылқылары браконьерлерден қалай қорғалатыны белгілі болды.