Қытай азаматтары Ресейге 30 күнге дейін визасыз кіре алады

АСТАНА.KAZINFORM - Қытай азаматтары Ресейге туристік немесе іскерлік мақсатта 30 күннен аспайтын мерзімге барса, визасыз кіре алады. Бұл Ресей президенті Владимир Путиннің жарлығында айтылған, деп хабарлайды ТАСС

Путин қытайлық туристерге виза беруден бас тартты
Фото: ТАСС

Құжатқа сәйкес, Қытай азаматтары 2026 жылдың 14 қыркүйегіне дейін Ресейге 30 күнге дейін визасыз кіре алады. Бұл артықшылық өзара негізде беріледі және іскерлік немесе демалыс мақсатындағы, туристік сапарларға, ғылыми, мәдени, әлеуметтік-саяси, экономикалық және спорттық іс-шараларға қатысуға, сондай-ақ ел арқылы транзитпен өтуге қолданылады. Визасыз кіру және шығу үшін Қытай азаматының жарамды төлқұжаты қажет.

Алайда, бұл шара Ресей Федерациясына жұмыс істеу, оқу немесе тұру үшін немесе халықаралық автомобиль тасымалымен жүргізуші, экипаж мүшелері, жүк экспедиторлары немесе аудармашы ретінде келетін Қытай азаматтарына қолданылмайды.

Қаулы күшіне енді.

Қытай тарапы бұған дейін осындай шешім қабылдаған болатын, ол да 2026 жылдың 14 қыркүйегіне дейін күшінде болады.

Осыған дейін ЕО-ның үшінші елдермен визасыз саяхатқа қатысты ережелерді қатаңдатқаны туралы жаздық. 

Соңғы жаңалықтар