Ірі көлемде «Apple» тауар белгісінің атын жамылған контрафактілік өнімдер тәркіленді

АСТАНА. KAZINFORM - ️Алматы қаласында ҚР Әділет министрлігі және ҚР Ішкі істер министрлігінің қызметкерлерімен контрафакті өнімдерін анықтау бойынша іс-шаралар өтті.

️Ірі көлемде «Apple» тауар белгісінің атын жамылған контрафактілік өнімдер тәркіленді
Фото: Әділет министрлігі

Байсат көтерме-бөлшек сауда базарының аумағында «Apple» тауар белгісімен ірі контрафактілік өнім партиясын сату дерегі анықталды. Жеке кәсіпкер өңірлерге ұялы телефондардың (қуаттағыш құрылғылар, кабельдер, құлаққаптар, адаптерлер және т.б.) контрафактілік аксессуарларын көтерме бағамен сатқаны анықталды.

️Ірі көлемде «Apple» тауар белгісінің атын жамылған контрафактілік өнімдер тәркіленді
Фото: Әділет министрлігі

Осы факті бойынша «ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодекстінің» 158-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды. Шамамен 2 млн теңге сомасына 1,5 мың дана өнім тәркіленді.

Әділет министрлігі
Фото: Әділет министрлігі

Осыған ұқсас факт Байсат көтерме-бөлшек сауда базарының жанында орналасқан қойма үй-жайында анықталды. Онда WD-40 (әмбебап мақсаттағы техникалық аэрозоль) тауар белгісімен контрафактілік шығу белгілері бар өнімдері бар көтерме қойма табылды.

️Ірі көлемде «Apple» тауар белгісінің атын жамылған контрафактілік өнімдер тәркіленді
Фото: Әділет министрлігі

Жеке кәсіпкерге қатысты ӘҚБтК-нің 158-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды. Шамамен 3 млн теңге сомасына 2 мыңнан астам жалған өнім тәркіленді.

Қазір барлық материал сотқа жіберілді. Осы бағыттағы жұмыс жалғасатын болады.

Айта кетейік, Алматы қаласының Есірткі қылмыстарына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері АҚШ-тан келген халықаралық пошта сәлемдемесінің жолын кесті.

Соңғы жаңалықтар