19:41, 20 Қараша 2025 | GMT +5
Рамазан Кусаинов Ислам ойындарының күміс жүлдегері атанды
АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстан құрамасы джиу-джитсудан Эр-Риядтағы (Сауд Арабиясы) Ислам ынтымақтастығы ойындарында тағы бір медальға қол жеткізді.
94 келіге дейінгі салмақта Рамазан Кусаинов екінші орын алды. ҚР ҰОК мәліметінше, Кусаинов ақтық сында Омар Надаға (Сауд Арабиясы) жол берді.
Айта кетейік, құраманың еншісінде қазір үш медаль бар. Бұған дейін Мариан Журавлева мен Алдияр Серік алтыннан алқа таққан еді.
София Ақтаева Ислам ынтымақтастығы ойындарында күміс медаль жеңіп алды.
Гандболдан Қазақстан әйелдер құрамасы Эр-Риядтағы (Сауд Арабиясы) Ислам ынтымақтастығы ойындарының финалына шықты.