«Реал» Анчелоттидің кететінін ресми түрде жариялады

АСТАНА. KAZINFORM – Мадридтің «Реал» клубы бас бапкер Карло Анчелоттидің командадан кететінін мәлімдеді. Бұл туралы клубтың ресми сайты хабарлады.

«Реал» Анчелоттидің кететінін ресми түрде жариялады
Фото: Realmadrid.com

– Карло Анчелотти әрқашан Реал Мадрид отбасының бір бөлігі болып қала береді. Біз оны мақтан тұтамыз – ол бізге үлкен жетістіктер әкеліп қана қоймай, сонымен қатар біздің клубтың құндылықтарын шын мәнінде бейнелейді, – деді клуб президенті Флорентино Перес.

Анчелотти 2013-2015 жылдар аралығында «Реал Мадридте» жұмыс істеген, кейін 2021 жылы командаға оралды және осы кезеңде клубпен барлығы 11 жүлде жеңіп алды. Осы маусымда «Реал Мадрид» UEFA суперкубогын және клубтар арасындағы әлем чемпионатын жеңіп алды.

Итальяндық маманның орнына «Реалды» испаниялық Хаби Алонсо басқарады деп болжанып отыр. 9 мамырда ол Леверкузенге (Германия) тиесілі «Байер» клубынан кететінін хабарлады.

Айта кетейік, бұған дейін қазақ қызы Мадридтің «Реал» клубына қызметке орналасқанын жаздық.

Соңғы жаңалықтар