01:29, 13 Желтоқсан 2025 | GMT +5
Reddit Аустралия үкіметін сотқа берді
АСТАНА. KAZINFORM — Reddit әлеуметтік желісі Аустралия билігін Жоғарғы сотқа берді. Бұл туралы Reuters -ке сілтеме жасап, 24 kg жазды.
Шағымданудың себебі — елде 16 жасқа дейінгі балаларға әлеуметтік желілерді пайдалануға тыйым салатын жаңа норманың енгізілуі. Тыйым салынған платформалар қатарында Reddit те бар.
Reddit өкілдері бұл шешім Аустралия Конституциясымен кепілденген саяси коммуникация еркіндігін шектейді және пайдаланушылардың құпиялылығына қауіп төндіреді деп мәлімдеді.
Өз кезегінде Аустралия үкіметі қабылданған шаралар балалар мен ата-аналардың мүддесін қорғауға бағытталғанын атап өтті.
Еске сала кетейік, бұған дейін Аустралия жасөспірімдердің әлеуметтік желіні қолдануына алғашқы болып тыйым салғанын жазған едік.