Референдум 2024: аймақтар бойынша Түркістан облысы екінші орында
ТҮРКІСТАН. KAZINFORM – Аймақтар бойынша 75,31 пайыз таңдау жасағандар - Түркістан облысының тұрғындары.

6 қазанда дауыс беру күні Орталық референдум комиссиясы күні бойы учаскелердің ашылуы және дауыс берудің басталуы туралы ақпарат беріп отырды, сондай-ақ әрбір екі сағат сайын ҚР ОРК мүшелері дауыс берушілердің қатысуы туралы облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, елорданың аумақтық комиссияларының деректерін беріп отырды.
Республика бойынша учаскелерде дауыс беру сағат 20.00-де аяқталды. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, елорданың комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес 2024 жылғы 6 қазанда сағат 20.00-дегі жағдай бойынша тізімге енгізілген азаматтардың жалпы санының 63,87% -і бюллетень алды.
Референдум қалай өтті, қорытындысы не болды? Kazinform тілшісінің материалынан таныса аласыз.
Еске салайық, кеше қазақстандықтар атом электр станциясын салу мәселесі бойынша референдумда дауыс берді.
6 қазанда ел бойынша 10 249 референдум учаскесінде дауыс беру басталды.
1 шілдедегі жағдай бойынша ел көлемінде 12 176 968 адам референдумда дауыс беруге хақылы екені айтылды.
Қоғамдық саясат институты сайлаушылар арасында сауалнама жүргізді. Exit poll нәтижесінде қатысушылардың 72,3 пайызы АЭС құрылысын қолдаған.
«Астана – кешенді әлеуметтік зерттеулер институты»: exit poll нәтижесінде қазақстандықтардың 69,8 пайызы референдумда АЭС құрылысын қолдап дауыс берді.
Еуразиялық интеграция институты: Exit poll нәтижелеріне сәйкес, респонденттердің 71,8%-ы «Иә, келісемін» деп жауап берген, қалған 28,2%%-ы «Жоқ, келіспеймін» жауабын таңдаған.