Референдум күні ақтөбеліктер қоғамдық көлікте тегін жүреді
АҚТӨБЕ. KAZINFORM - Референдум күні Ақтөбе қаласында автобуста тегін жүруге болады. Қоғамдық көлік таңғы сағат 6:00-ден бастап жүреді.

Ақтөбе қаласы әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, қалалық қана емес, қала маңындағы маршруттарда жол жүру тегін болады.
- Автобустар таңғы 6:00-ден бастап жүреді. 7 қазаннан бастап қоғамдық көлік штаттық режимде жұмыс істейді. Қала тұрғындары мен қонақтарына “Автопарк”, “Қала транс”, “Ақжайық автопарк”, “Табыс Ақтөбе” және “РТТ групп” ЖШС тасымалдаушы компаниялары қызмет көрсетеді,- деп хабарлады баспасөз қызметі.
Еске салсақ, 6 қазан күні Түркістан облысында қоғамдық көлікте жол жүру барлық азаматтар үшін тегін болады.
Сондай-ақ, 167 ауылдық елді мекенде тұрғындарды тексеру үшін жылжымалы медициналық пункттер жұмыс істейді.