Рэнди Бэлмен: Қазақстан - ядролық қаруға қарсы қозғалыстың көшбасшысы және бұл бағытта орны ерекше мемлекет (ВИДЕО)

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Президентінің АҚШ төріндегі Ядролық қауіпсіздік саммитінде сөйлеген сөзі әлем жұртшылығының назарынан тыс қалмады. Австрия астанасында орналасқан ядролық сынақтарға тыйым салу келісімдері ұйымының штаб-пәтеріндегілер ядролық қарусыз әлем құруда Назарбаев үлесінің мол екенін атап өтті, деп хабарлады www.24.kz.

«Нұрсұлтан Назарбаев ядролық қару мен оның сынақтарынан ада болған бейбіт әлемді жақтайды. Бүгінде Қазақстан - ядролық қаруға қарсы қозғалыстың көшбасшысы және бұл бағытта орны ерекше мемлекет. Президенттеріңіз ядролық сынақты тыйым салуға арналған жалпы келісімге жеке басы көп күш жұмсады. Дәл осы Қазақстанның миссиясы арқылы мақсатымызға жетеміз деп ойлаймын", - деді  ЯСЖТШ Халықаралық мәліметтер орталығының директоры Рэнди Бэл.

Еске сала кетейік, Ядролық сынақтарға тыйым салу келісіміне қол қою осыдан 20 жыл бұрын басталған. Бүгінде оны 8 мемлекет қана ратификациялаған жоқ. Олардың арасында Солтүстік Корея, Үндістан, Пәкістан бар.

Соңғы жаңалықтар