Ресей шоколадын ең көп импорттаған – Қазақстан мен Әзербайжан

АСТАНА. KAZINFORM — 2025 жылдың алғашқы төрт айында Ресей ең көп шоколадты Қазақстан, Әзербайжан және Өзбекстанға сатты. Сонымен қатар, импорттаушылардың алғашқы ондығына Қытай мен Германия да кірді, деп жазды Oxu.Az БҰҰ-ның Comtrade платформасындағы дерекке сілтеме жасап.

Ресей шоколадын ең көп импорттаған – Қазақстан мен Әзербайжан
Фото: Pixabay.com

Ресейлік шоколадтың басты импорттаушысы — Қазақстан. 2025 жылдың қаңтар-сәуір айларында бұл елге жеткізілген шоколадтың жалпы құны 78,3 миллион АҚШ долларын құрады.

Екінші орында — Әзербайжан, бұл елге тасымалданған шоколадтың құны шамамен үш есе аз — 23,4 миллион доллар. Одан кейінгі орындарда:

  • Өзбекстан — 21,4 млн доллар,

  • Қырғызстан — 14,7 млн доллар,

  • Грузия — 8 млн доллар.

Қытай ресейлік шоколадты сатып алу бойынша алтыншы орында — 7,4 млн доллар. Бұдан кейін Армения, Сербия, Молдова елдері тұр, ал Германия 2,1 млн долларлық импортпен алғашқы ондықты қорытындылап тұр.

Ал керісінше қазақстандық шоколад қай елдерге сатылатынын білгіңіз келсе мына сілтемеге өтіңіз.

Өзбекстанда Орталық Азиядағы алғашқы шоколад мұражайы ашылған болатын.

Соңғы жаңалықтар