Ресейде Ан-22 ұшағы апатқа ұшырады

АСТАНА. KAZINFORM – Ресейдің Иваново облысында бортында жеті адам болған Ан-22 ұшағы апатқа ұшырады, деп хабарлайды ТАСС ақпарат агенттігі. 

р
Фото: ТАСС

- Алдын ала мәлімет бойынша, Иваново облысында Ан-22 ұшағы апатқа ұшырады. Бортта жеті адам болған, - деп хабарлады жедел қызмет ТАСС агенттігіне.

Құтқарушылар апат орнына шықты. Апат Уводьское су қоймасының маңында болды, ұшақ сынықтары судан табылған. Ан-22 ұшағы жөндеуден кейін жоспарлы ұшуын өткізгені хабарланды. 

- Ұшақ жөндеуден кейін жоспарлы ұшуын өткізген. Ол Уводьское су қоймасының маңында құлаған, ұшақ сынықтары судан табылды, - деді дереккөз ТАСС-қа. 

Kazinform үшін арнайы ТАСС серіктес агенттігі ұсынған.

Бұған дейін Калифорнияда ұшақ апатқа ұшырағанын жазған болатынбыз. 

Соңғы жаңалықтар