Ресейлік әйел атомдық мұзжарғыштың әлемдегі алғашқы әйел капитаны атанды

АСТАНА. KAZINFORM — Марина Старовойтова «Ямал» мұзжарғышының тұңғыш әйел капитаны атанды, деп хабарлайды ТАСС ақпарат агенттігі. 

Россиянка стала первой в мире женщиной-капитаном атомного ледокола
Фото: The Insider

Бұл туралы Ресей атом саласының 80 жылдығына арналған салтанатты концертте жарияланды. 

Старовойтоваға капитан белгісін сахнада атомдық мұзжарғыш флотының ардагері, аты аңызға айналған «Арктика» атомдық мұзжарғыш капитаны, Солтүстік полюс ізашары, «Ленин» және «Россия» мұзжарғыш кемелерінің капитаны, алыс сапарға жүзу капитаны Александр Баринов табыстады. 

Бұған дейін Старовойтова «Ямал» ядролық мұзжарғышы капитанының аға көмекшісі қызметін атқарған. 

Ол теңізде 20 жылдан астам уақыт бойы еңбектеніп келеді, оның ішінде 6 жылы атом флотында өтті. Ол қызметінде қарапайым теңізшіден капитанның аға көмекшісіне дейін көтерілді.

Бұған дейін генерал-лейтенант Джейми Спейсер-Бланшет Канаданың Әскери-әуе күштерінің қолбасшысы қызметін атқарған алғашқы әйел атанғанын жазған едік.

Kazinform үшін арнайы ТАСС серіктес агенттігі ұсынған.

Соңғы жаңалықтар