Ресейлік ғалымдар динозаврдың жаңа түрін анықтады

АСТАНА. KAZINFORM — Динозаврдың жаңа түрі «Манипулоникс» деп аталады. Ол өзінің ерекше тырнағын туыстарының жұмыртқаларын ұрлау үшін пайдаланған, деп хабарлайды РИА Новости

Ресейлік ғалымдар динозаврдың жаңа түрін анықтады
Фото: Ундоровский палеонтологиялық мұражайы

Бұл туралы Ресей ғылым академиясы Борисяк атындағы палеонтологиялық институтының директоры Алексей Лопатин мәлімдеді.

— Манипулоникстің алдыңғы қысқа аяқтары ерекше қызмет атқарды. Ол үлкен тырнақ пен бірнеше қосымша тікенектің көмегімен үлкен динозаврлардың жұмыртқаларын тесіп, табандарында ұстаған, — дейді ғалым.

РҒА профессоры Александр Аверьяновтың айтуынша, бұрын үлкен тырнақ динозаврға термиттер мен жәндіктерді жерден алу үшін берілген. Олар көл мен өзен жанында өмір сүрген.

— Біздің жаңа реконструкциямызға сәйкес, манипулоникс және оның туыстары жұмыртқа жеуге маманданған түнгі кішкентай жыртқыштар болды, — дейді А. Аверьянов. 

Миниатюралық жыртқыш динозаврдың қаңқасын палеонтологиялық институттың қызметкері Валерий Решетов Моңғолиядағы Гоби шөліндегі Гермин-Цавтың Борлы жерінде бірлескен кеңестік-моңғол палеонтологиялық экспедициясының жұмысы кезінде тапты.

Еске сала кетейік, Италия тауларында мыңдаған динозавр ізі табылды. Ғалымдар бұл іздердің пайда болғанына шамамен 210 миллион жыл болған деп есептеді.

Соңғы жаңалықтар