Ресейлік зейнеткерлер 2025 жылы барлық жинақтарын ала алады
АСТАНА. KAZINFORM - Алайда сома 412 мың рубльден (2 млн 195 мың теңге) аспауы тиіс.

Мемлекеттік Дума депутаты Сергей Гаврилов 2025 жылы ресейліктер 412 мың рубльден аспаса, зейнетақы жинақтарының барлығын бірден ала алатынын мәлімдеді.
Мұны істеу үшін бірқатар процедуралардан өту керек. Атап айтқанда, Зейнетақы қорына немесе Мемлекеттік қызметтер порталы арқылы өтініш беру шарт. Зейнетақы жинақтарының сомасы рұқсат етілген шекті мәннен асып кетсе, онда ай сайынғы төлем тағайындалады, оның мөлшері жинақтардың жалпы сомасына және белгіленген төлем мерзіміне байланысты болады.
2025 жылға күтілетін төлем мерзімі 270 ай (22,5 жыл). Мысалы, зейнетақы жинақтары 500 мың рубльді (2 665 000 теңге) құраса, ай сайынғы төлем шамамен 1 852 рубльді (9 871 теңге) құрайды.
Бұл ретте зейнетақы жинақтарының қайда орналасқанын – Зейнетақы қорында немесе мемлекеттік емес зейнетақы қорында (МЗҚ) алдын ала тексеру қажет.
Бұған дейін Қазақстанда 2024 жылы республикалық бюджеттен 3 триллион 752,1 миллиард теңге зейнетақы төленгенін, оның 1 триллион 182,3 миллиард теңгесі базалық зейнетақыны төлеуге, 2 триллион 569,8 миллиард теңгесі зейнетақы төлеуге бөлінгенін жазғанбыз.